Түркістанда қатерлі ісік ауруына жыл сайын 800-ге жуық адам шалдығады. Ал Қазақстан бойынша аталған дерт 35 мың адамнан анықталады екен. Өкінішке орай оның тең жарымына жуығы қайтыс болады. Көрсеткіш жыл сайын жоғарылап келеді. Мәселен облыс орталығында 2020 жылы 811, 2021 жылы 877 адам онкологиялық дертке шалдыққан. Басым бөлігі сүт безі, асқазан және өкпенің қатерлі ісігін асқындырып алғандар.
️