Депутаттар полиция қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды

663
04.02.2022 04:40

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің 28 проценті баспанаға мұқтаж. Тұрғын үй жалдау үшін өтемақы Сала қызметкерлерінің жекелей санаттарына ғана төленеді. Оның өзі мардымсыз. Сондықтан полиция қызметкерлерінің айлығы мен оларға төленетін әлеуметтік кепілдіктерді көтеру керек. Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Нұрлан Бекназаров Премьер министрге осылай деп сауал жолдады.