Үкімет басшысы көш соңында қалатын әкімдерге шара қолданады

252
03.02.2022 04:01

Көш соңында қалған әкімдерге шара қолданылады. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайлов инвестициялық штаб отырысында айтты. Онда инвестициялар тарту бойынша биылға арналған жоспарлар қаралды. 2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13,2 трлн теңге, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 7,3 процентке артық. Көрсеткіштер Шымкент қаласында, Ақтөбе және Қостанай облыстарында, асыра орындалды. Ең төменгісі Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары. Жиында көш соңында қалған әкімдер мен олардың орынбасарларына шара қолданылатыны ескертіліп, жауапкершілік жүктелді.