Бүріскен қолымды кім түзеп береді? Түркістан облысының тумасы Ерболат Ескендіров әділдік іздейді. Сайрам ауданының 22 жастағы тұрғыны былтыр жұмыс орнында жүріп өндірістік жарақат алған. Тексеру жүргізген еңбек инспекциясының өкілі жұмысшының өзінен де кінә бар деп қорытынды шығарыпты. Соның кесірінен зауыт тарапынан тиісті өтемақы төленбеген.
️