Вирус жұқтырған оқушылар саны күрт көбейді. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында осылай деді. Оның айтуынша, қауіпті кеселге шалдығатын оқушылардың дені Түркістан, Батыс және Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тіркелген. Одан өзге, вирус жұқтыру деректері Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында байқалып отыр.
️