Ауыл шаруашылығында қазына қаражатын қалтасына басатындар азаймай тұр. Осы кезге дейін аталған салада 960 қылмыстық іс тіркеліп, 450 адам ұсталған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте осылай деді. Мемлекет басшысы жиында бармақ басты, көз қысты әрекеттер жиі кездесетін салаларды ашып айтты. Соның бірі сот жүйесі. Мәселен, кейінгі үш жылда жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 174 судья жұмыстан қуылған.
️