Ауыл әкімі мемлекет мүлігін заңсыз жалға берген

136
02.02.2022 05:21

Қазығұрт ауданындағы әкімдердің бірі мемлекет мүлігін заңсыз жалға берген. Бұл мәселе Түркістанда әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралды.   Сабыр Рақымов ауылдық округінің әкімі Мақұлбаев әкімдік ғимаратынан қызметтік бөлмені 3 жыл бойы келісімшартсыз қолданысқа беріп келіпті.  Кеңес мүшелерінің ұйғарымымен оған «Қатаң сөгіс» түріндегі жаза қолдану ұсынылды.