Алматы облысында полиция қызметкері көлігімен қарсы бағытқа шығып кетіп, жол апатына себепші болды. Салдарынан қарама-қарсы келе жатқан көліктің жолаушысы мерт болды. Оқиға Алматы-Талғар тас жолында болған. Тойота Прадо көлігінің жүргізушісі Хонда Стрим көлігімен соғылып, 20 жастағы бойжеткен оқиға орнында көз жұмды.
️