Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде күш құрылымдары ұрланған қарудың 515-ін тауып тәркіледі. Тиісінше күдікті 100-ге жуық адам құрықталып уақытша ұстау абақтысына қамалды. Заңсыз қару-жарақ сақтаған 61 күдіктінің қолына кісен салынған. Прокурорлар мен полицейлер бүгінде атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау және ұрлау фактілері бойынша 157 істі тергеп жатыр.
️