Қазақстанда Бейжің Олимпиадасына қанша ақша бөлінді?

171
02.02.2022 04:37

Еліміздің спортшылары Бейжіңде өтетін 24-қысқы олимпиада ойындарына дайын. Оған ел намысын қорғау үшін 8 спорт түрінен 34 спортшы барады. Ал Бейжің олимпиадасына 220 млн теңге бөлінген. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің хатшысы Андрей Крюков айтты. Оның айтуынша олимпиадаға бөлінген қаражат жоспарланғаннан әлдеқайда аз. Өйткені делегацияға құрамының санын ұйымдастырушылар қысқартып отыр.