Білікті мамандар жетіспейді

272
31.05.2021 23:51

Елімізде жол саласында білікті мамандар жетіспейді. Әсіресе, геодезия, құрылысшы – инженер, грейдер, смета құрушы  маманы тапшы.  Салдарынан, сапасыз салынған жолдар халықты қажытып, жол-көлік оқиғалары жиілеуде. Жауаптылар, білікті мамандардың қатарын арттырмаққа, оқушылармен кездесті. Жиында саланың қыр-сырын баяндап, қоғамға тигізер пайдасын тәтпіштеді. Айтуларынша, мамандардың біліктілігін арттырмаққа жағдай жасалады. Тіпті, баспанамен қамтуға да мүмкіндік бар. Елімізде бұл саланы  25-тен астам колледж, 10-нан аса университет оқытады.

Фурхат Жоланов – “Ұлттық сапа” орталығының маманы

Дипломнан бөлек, сертификатпен оқытуға шетелдерге жібереміз. Шетелдік мамандармен дискуссия ретінде танысып, білім алдып...

Эльвира Әбдірахман – 10-сынып оқушысы

Түркістанның кей жерлерінде жол нашар. Солд себепті бұл мамандыққа қызығушылығым артты. Түркістанның жолдарын жақсартуға үлесімді қосқым келеді.