КВИ жұқтырғандар саны азайды

100
02.02.2022 04:26

Өткен тәулікте індет жұқтырғандардың саны 9 мыңға дейін төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Дегенмен, жыл басынан бері коронавирус жұқтыру деңгейі 11 есе өскен. Ведомство басшысының айтуынша, соңғы аптаның өзінде ПТР оң нәтиже көрсеткендер 1,5 есе артқан. Бірақ қайтыс болғандар саны пандемия кезінде ең көп науқас пен өлім-жітім тіркелген тамыз айымен салыстырғанда 12,5 есе азайған.