Түркістандық дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс қауіпті құртты алып тастады. Ол үшін ақ халаттылардың науқасқа екі бірдей операция жасауына тура келген. Өздері де ана мен баланы аман алып қалу үшін тәуекелге барғандарын жасырмайды. Қуанышқа орай ота сәтті өтіп, пациент де шақалақ та дін аман.
️