"Қазақстан халқына" қоры бизнеске арналған қосымша салық түрі емес. Кәсіпкерлер мұнда өз еркімен қаржы аударады. Президент осыған шақырып отыр. Бұл туралы бүгін қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді. Оның айтуынша қорға берілген ақшаға салық салынбайды. Тіпті, аударым жасағандарға салықтық жеңілдік жасау көзделген.
️