Әжетханаға түсіп кеткен 6 жасар бала құтқарылды. Оқиға Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде болған. «112» қызметіне жер үйдің ауласында орналасқан тереңдігі 4 метр әжетханаға 5-6 жасар бала құлап кеткендігі туралы хабарлама түскен. Шақыртуға облыстық Төтенше Жағдайлар Департаментінің 5 құтқарушысы мен жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері шыққан.
️