«Самұрық-Қазына» Қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітіліп, қызметкерлер саны 50 процентке қысқарды. Нақтырақ айтсақ, қор қызметкерлерінің саны екі есе, яғни, 248-ден 124-ке дейін, ал басқарушы қызметтер саны 10-нан 5-ке дейін қысқарды. Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге қысқартылса «кеңесші» қызметтері мүлдем жойылған. Қордың шетелдегі өкілдіктерін жабу туралы да шешім қабылданған. Қордың жаңа ұйымдық құрылымы ресми сайтта жарияланған.
️