Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында шенеунік журналисті өлтіруге тапсырыс берген. Ол сарыағаштық блогердің өмірін 5 млн теңгеге бағалаған. Бұл туралы бүгін облыстық Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков мәлімдеді. Естеріңізге салсам, 3-қаңтар күні журналистің үйіне оқ атылған деген ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын. Қазір қылмыстық іске қатысы бар 5 адам тергеліп жатыр.
️