Бүлікке қатысқандар бірінен соң бірі құрықталуда. Бұл жолы Алматыда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 4 адамнан тұратын қарулы топты ұстады. Жас шамалары 29 бен 36 аралығында. Алматы облысының тұрғындары. Олар қаладағы жаппай тәртіпсіздік кезінде азаматтардың жеке үйлеріне шабуыл жасаған. Екеуі – бұрын тонау және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған.
️