Қысқы олимпиада ойындарына ұлттық құрама 82 лицензия жеңіп алды

185
01.02.2022 11:26

Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиада ойындарына спорттың 8 түрінен 82 лицензия жеңіп алды. Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін ақ Олимпиада 4-20 ақпан аралығына жоспарланған. Жарыста 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ойын кезінде Олимпиада қалашығы тұрғындарынан күн сайын ПТР-тест алынып, денсаулығы тексеріледі.