Тұрғындар заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрі, жарылғыш заттарды құқық қорғау органдарына тапсыруы тиіс. Қаруды полицияға өз еркімен әкелген адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Ішкі істер министрлігі халыққа осындай үндеу тастады. Себебі бір Алматы қаласының өзінде тәртіпсіздіктер кезінде 7 қару-жарақ дүкенінен 1347 дана суық қару қолды болған. Қазір оның тек 131-і ғана табылыпты.
️