"Қаңтар қырғыны": Алматыда бүлінген нысандардың шығыны анықталды

240
01.02.2022 10:44

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген нысандар шығыны есептелді. Мәселен, әкімдік ғимараты 20, прокуратура 2 млрд теңге шығынға батқан. Ал полиция департаменті 205, экопосттар 163 млн. Одан өзге, медициналық мекемелер 2 млн теңге зардап шекті. Сондай ақ, бүгін Алматы қалалық Полиция департаменті бүлікте қираған автотұрақ жағдайын көрсетті. Бейнежазбада көліктердің сау тамтығы қалмағаны көрінеді. Тәртіпсіздік салдарынан 165 қызметтік көлік зақымданған. Оның 53-і өртенген. Қираған көліктердің 64-ін қалпына келтіру мүмкін емес.