"Қаңтар трагедиясы": Шымкент мәйітханасына 18 адам жеткізілген

180
01.02.2022 10:38

Шымкентте 18 адамның денесі мәйітханаға жеткізілді. Олар жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза болғандар. Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшесі Шахноза Хасанова айтты. Ресми мәліметтерге сәйкес, ішкі істер органдарына 3256 адам жеткізілген, оның ішінде 498- і әкімшілік жауапкершілікке тартылған.