Бокстан Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында өткен Азия біріншілігінде Қазақстан қыздар құрамасы 8 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль алды. Осылайша жалпы командалық есепте бірінші орынға шығып отыр. Бұл бокстан Ерік Алғабек жаттықтыратын Қазақстан әйелдер командасының рекордты көрсеткіштерінің бірі. Себебі бұған дейін спортшыларымыз Азия біріншілігінде мұндай нәтиже көрсетпеген. Бүгін Дубай қаласында өтіп жатқан жарыста ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді. Ақтық айқаста Қазақстан командасының бес өкілі бақ сынайды.
️