Ордабасылық кәсіпкер жылқы шарушылығын дамытуда

135
01.02.2022 09:38

Ауыл-аймақта мал басы көбейіп, енді оның тұқымын асылдандыруға көңіл бөлінуде. Мәселен, Ордабасылық Мейірхан Өтеп 10 жылдан бері жылқы бағып, ата кәсіпті дамытып келеді. Ол соңғы уақытта бар табысын,   осы жылқы тұяғын артыруға жұмсап келеді. Шаруа алғашқыда 15 жылқыдан бастаған. Қазір оның саны 250-ге жеткен.