Көне Түркістанның орнынан Шығыс базары табылды

251
31.05.2021 11:42

Түркістанда тағы бір  тың дерек. Күлтөбеде қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан ғалымдар шығыс базарының орнын тапты. Қазақ тарихи-мәдени ғылыми зерттеу институты ғалымдарының айтуынша бұл базар бірнеше ғасыр бойы жұмыс істеген. Ғалымдардың сөзінше, бұл археологиялық олжаның біздің елімізде баламасы жоқ. Сондықтан оны ғалымдар Ташкент пен Бұхарадағы базарлармен салыстырып зерттеуді бастады.