Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы сары аймаққа өтті. Бағалау матрицасы бойынша қазір Түркістан облысы ғана жасыл дейгейде, өзге өңірлер қызылмен белгіленген. Өткен тәулікте 7400 адамнан індет белгісі анықталған. Бұл алдыңғы күндермен салыстырғанда айтарлықтай төмен көрсеткіш. 12 мыңнан аса адам коронавирус инфекциясынан айыққан. Өкінішке орай 2 адам дерттен көз жұмды. Ал ем алып жатқан 164 науқастың жағдайы өте ауыр.
️