Түркістан облысына коменданттық сағат енгізілді

143
01.02.2022 03:44

Еліміздегі саяси жағдай бойынша Түркістан облысында жағдай тұрақты. Өзге өңірлердегідей бұзақылық деректері тіркелмеген. Облыста да төтенше жағдай режимі орнап, коменданттық сағат енгізілді. Қала және ауданаралақ азаматтық және көлік қатынастарына шектеу қойылды. Облыспен шектесетін Жамбыл және Қызылорда өңірлері шекарасына блокпосттар қойылды. Сондай-ақ, әуе рейстері де уақытша жұмысын тоқтатты. Төтенше жағдай заңнамасына сәйкес бейбіт шеурлер мен жиындарға рұқсат жоқ. Алайда өңірдегі барлық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.