Былтыр Жетісайлық шаруалар су тапшылығынан шығынға батқан. Егіс алқаптарына қажетті су мөлшері уақытында жетпегендіктен өнім қурап, еңбектері зая кеткен. Бүгінде шаруаларға өздеріне қажетті суды «Достық» арнасынан алып келіпті. Енді оған Сырдариядан қосымша су бөлінгелі отыр. Осылайша аудан әкімшілігі 7 жылдан бері түйіні тарқамай келе жатқан мәселені шешеміз деп уәде етті.
️