Елімізде ауа райының қолайсыздығынан жол апаты жиілеген. Қостанайда күні кеше пойыз бен көлік соқтығысса, Нұр-Сұлтан-Қарағанды трассасында жеңіл машина автобустың астына кіріп, бір әйел қаза тапты. Ал ақтөбе облысында көк тайғақ жүргізушілерді әбігерге салды. «Самара-Шымкент» автожолының Ақтөбе облысындағы бөлігінде 4 жүк көлігі соқтығысып, бір жүргізуші зардап шекті. Ал Ақтөбе-Қандыағаш бағытында кележатқан «Лада Гранта» көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Лада веста»-ға соғылған.
️