Түркістанда елімізде болмаған Экобазар ашылады. Бұл - өңірдегі азық-түлік тауарлары төмен әрі көтерме бағада сатылатын ең ірі орталық болмақ. Ең бастысы тауарлар делдалсыз жеткізіліп, өз бағасында сатылады. Бұл дегеніміз кәдімгі базар бағамынан әлдеқайда төмен болады деген сөз. Жалпы аумағы 14 гектар болатын базарда 3 мың сауда саттық орыны бар. Ең бастысы базардың барлық тауарлары экологиялық таза өнім болмақ. Себебі, өзіміздің елде пісіп жетілген жеміс пен көкөністер, азық-түліктер сатылады. Олардың дұрыс сақталуы үшін арнайы техникалар қарастырылған. Айта кетейік, базар 7 қаңтарда ашылады деп жоспарлануда.
️