Жаңа жыл қарсаңында ТМД басшылары бас қосты

435
30.12.2021 05:11

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ТМД басшылары бас қосты. Санкт-Петербор қаласындағы бейресми, яғни галстуксыз жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та арнайы барды. Кездесу барысында ұйымға мүше мемлекет президенттері алдағы жылы өзара ынтымақтастықты күшейту және экономикалық, мәдени салалардағы ортақ  жоспарларды талқылады.Айта кетсем, ТМД-ға қазір 11 мемлекет мүше. Украина ұйымның қатарында болғанымен Ресейге Владимир Зеленский келмеді. Қасым-Жомарт Тоқаев тараптарды әрдайым бейбітшілікке шақырып, мәселені келіссөз үстелінде шешуге шақырады. Сондай-ақ мемлекет басшысы короновирус індеті кезінде көмек көрсеткендері үшін Ресей Президенті Владимир Путинге алғыс айтты.