"Погондағы журналист" жобасының қатысушылары марапатталды. Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес жоба еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылды. Ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысы көрсетілді. Полицияның оң имиджін қалыптастыру мақсатында өткен жобада белсенділік танытқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін Ішкі істер Министрі Ерлан Тұрғымбаев құттықтап, алғыс хат табыстады. Біздің әріптесіміз Назым Қайратқызы да форма киіп, полиция қызметкерінің бір күндік жұмысына қатысып, қызу тірлігімен толықтай танысқан еді. Ол «Үздік тақырып» дипломымен марапатталды.
️