Бұдан былай мұғалімдер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады. Бұрынғыдай директор өзі шешпейді. Еліміздің Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фейсубук парақшасында осылай деп шешім шығарған. Яғни, жұмысқа орналасу кезінде үміткер конкурсқа қатысу туралы өтініш береді. Өтініш беруші өзінің бағалау парағын қоса ұсынады. Онда барлық жетістігі, нәтижелері, еңбек өтілі, әкімшілік немесе әдістемелік қызмет тәжірибесі, курстық дайындық және басқа да ақпарат көрсетіледі. Конкурстық комиссия өтініш берушінің өзі қойған балдардың, оларды растайтын құжаттардың сәйкестігін тексеріп, қорытынды ұпай шығарады. Нәтижесінде бос орынға ең көп балл жинаған үміткер қабылданады.
️