Төрткүлде Қазақ күресінен облыстық ашық турнир өтті. Жарыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналды. Бәсекеге аудан қалалардағы спорт мектептері 2005-2006 жылғы талантты шәкірттерін үкілеп әкелді. Мамандардың айтуынша, даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың спорттағы жетістіктері мен бірге халқы үшін жасаған жақсылықтары терең зерттеуді қажет етеді.
️