Алматыға омикрон штамы келетіні сөзсіз. Бұл Бекшиннің кезекті болжамы. Көріпкелдікке салынатын бас дәрігер шетел штаммының келетініне нық сенімді. Баспасөз мәслихатында ол халық көп жиналатын орындарға бармауға шақырды. Себебі жаңа жылдық мереке коронавирустың таралуына сеп болмауы керек дейді. Айта кетсем, Алматының бас санитар дәрігерінің сөзі жиі талқыға түседі. Тура бір жыл бұрын ол індеттің елімізге қашан келетінін айтқан. Сол сәтте ел тұрғындары 115 мемлекетте тіркелген қауіпті кеселдің пайда болатынына емес, маманның айтқанына таң қалған еді.
️