Жануарларға қатыгездік жасағандарға қарсы жаза күшейтіледі. Бұл мәселе бүгін Сенат отырысында жан-жақты талқыланды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті Заң жобасын депутаттардың назарына ұсынды. Бұл заңда жануар иелерінің жауапкершілігін арттыру нормалары қарастырылған. Мәселен, енді 16 жасқа толмағандарға жануарлармен серуендеуге тыйым салынады. Ит-мысықтарды күту, ветеринарлық көмек көрсету міндеттері белгіленген. Оларға қатігездік танытқандарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Заңды тұлғалар үшін бұл сома 4 есе артық.
️