Зейнетақы жинағы есебінен тұрғын үй сатып алу бойынша ең ірі келісімшарт 162 миллион теңгеден асты. Бұл туралы Отбасы банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты. Оның айтуынша, биыл зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілгеннен кейін баспана сатып алу көрсеткіші күрт өсті. Соның салдарынан тұрғын үй бағасы да көтерілді. Сондай-ақ енді зейнетақы жинағында шекті мөлшерден асқан қаржыға жер телімін сатып алуға болады. Ол үшін бірыңғай оператордың порталында арнайы батырма енгізілді. Жер үй салуға немесе жеке шаруашылық жүргізуге арналған болуы шарт. Оны сатып алғаннан кейін мақсатты жұмысты жүзеге асыруға 24 ай беріледі.
️