Елімізде азық-түлік бағасын кім реттейді?

647
23.12.2021 03:50

Депутаттар азық-түлік бағаларының қымбаттығына алаңдап, бағаны реттейтін бір органды бекітуді ұсынды. Мәжілісмен Ғалым Әміреев осы мәселеге қатысты депутаттық сауалын Роман Склярға жолдады. Оның сөзінше, тұрақтандыру қорларын қаржыландыру ұлғайғанымен, нәтиже көңіл көншітпейді. Халықтан басқа азық-түліктің қымбаттауынан хабар беретін ешкім жоқ дейді ол. Бұл сауалға бірде-бір ведомство бағаны болжаумен айналыспайды деген жауап алған. Олқылықтың алдын алу үшін үкіметтен агроөнеркәсіптік кешеннің болжамдық-талдамалық орталығын құру мүмкіндігін қарастыруды сұрады.