Түркістан
EN

Төле биге ас берілді

284
31.05.2021 23:00

Қазақтың төбе биі – Төле биге өзі 12 жыл билеген Ташкент шаһарда ас берілді. Қарлығаш бидің ұрпақтары жыл сайынғы дәстүрге айналдырған бұл шараға Қазақстаннан, нақтырақ айтсақ, Түркістан облысынан 50-ге жуық отандасымыз арнайы ат басын бұрды. Дүниеден өтер алдында Төле би өзін ұстазының қасына - Шайхантәуір зиратына жерлеуді сұраған екен. Қазір оның кесенесі Жүніс ханның жанында орналасқан. Күмбезі күнмен таласқан медресені қазіргі таңда Өзбекстан билігі зиярат-туризмнің қатарына қосыпты. 

️