Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл ардагерлермен кездесті. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған жиынға Қазақстанның түкпір-түкпірінен ардагерлер жиналды. Олар ауғанстанда интернационалдық борышын өтегендер, сонымен қатар, Тәжік-Ауған шекарасындағы лаңкестердің шабуылына тойтарыс берген бітімгершілік миссия мүшелері. Бақытбек Смағұлдың айтуынша, жиынның Түркістанда өтуі жайдан-жай емес. Қазақ хандығының астанасы болған, бүкіл Түркі дүниесінің орталығында күйреген рухты қайта көтеру аса маңызды.
️