Мәжіліс: Ерлі зайыптылар зейнетақы жинағын біріктіре алады

319
20.12.2021 03:46

Ерлі зайыптылар зейнетақы жинағын біріктіре алады. Бұл туралы Мәжіліс отырысында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді. Яғни, жұбайлардың бірінің жинағы жетпей, екіншісінде артық болып жатса, зейнетақы ануитетін сатып алады. Бұл төлемді өмір бойына алуға мүмкіндік беріледі. Ал, ерлі-зайыптылар ажырасқан немесе бірі қайтыс болған жағдайда ақша қалай бөлінетіні жұмбақ күйінде қалды. Депутат қойған осы сауалға  іркіліп қалған зейнетақы қорының басқарма төрағасы Жанат Құрманов төрағаның сынына қалды.