Мереке қарсаңында үздіктер марапатталды

335
15.12.2021 05:42

Облыстағы медицина саласының үздіктері марапатталды. Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитұлы оларға Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекелік медалін тақты. Тәжірибесі 20 жылдан кем емес 80 ге жуық дәрігер Еңбек ардагері, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін медальдарымен де марапатталды. Олардың қатарында мейіргерлер, хирургтар, реаниматологтар, терапевтер мен акушерлер бар. Санитар мамандар да назардан тыс қалмады. Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласында модульдік жаңа үлгідегі 200 төсек-орынға арналған аурухананың құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілген. Сондай-ақ,  халықаралық стандарттарға сәйкес 570 төсек-орындық облыстық көпбейінді медициналық орталықтың құрылысы жүргізіліп жатыр.