Ревакцинация жасау мерзімі қысқарды

721
10.12.2021 09:21

Pfizer вакцинасын 50 000 теңгеге салдыра аласыз. Бұл ғаламтор кеңістігін жайлаған фейк ақпараттардың бірі. Хабарлама авторы мұндай бағаны Алматы қаласындағы емханалардың бірі ұсынғанын жеткізген. Алайда мекеменің өзі бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Ал үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі елімізде халықты ревакцинациялау тактикасы өзгеретінін мәлімдеді. Сондай-ақ екпе егу жұмыстары баяу жүріп жатқан өңірлерді де атады.