Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы биылғы 9 айда 680 млн доллардан асты. Бұл былтырғымен салыстырғанда 9 пайызға көп. Үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөз жүргізді.
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзиттік-көлік, салаларында ынтымақтастық мәселелерін сөз етті. Алдағы уақытта екі ел өзара сауда айналымы көлемін 1 млрд долларға дейін жеткізуге ниетті. Кездесу барысында екі ел министрліктері Қырғыз Республикасының аумағында үш көтерме-тарату орталығын құру және олардың жұмыс істеуі жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдады.
️