Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарияланды. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың отыз жылдық торқалы той қарсаңында тәуелсіздіктен тағылым алу үшін халықпен ой бөліскен. Мақалада Тұңғыш Президент еліміздің басты құндылығын атады. Мемлекетіміздің тірегі де, алтын діңгегі де – Қазақстан халқы. «Мен бойымдағы қуат, қызметімдегі тәжірибе, ойымдағы нәр – бәрі-бәрін халқыма қызмет етуге жұмсап келемін» деп жазды. 30 жылдың ішінде әлемдік ғылым мен мәдениеттің ең үздік жетістіктерін меңгерген жаңа ұрпақ қалыптасты. Жаңа елордамыз салынды. Елбасы ең үлкен табысым да, ең үлкен бақытым да осы деп санаймын дейді.
️