Адам саудасымен айналысқан қылмыстық топтың ісі сотқа жолданды

195
07.12.2021 05:06

Адам саудасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың ісі сотқа жолданды. Олар адамдарды арбап, адам саудасымен айналысқан. Кәмелетке толмаған тұлғаларды да жезөкшелікке жегу мақсатта Бахрейн республикасына шығарған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті бастығы мәлімдеді. Адам саудасына байланысты қалған қылмыстық істер бойынша тергеулер жалғасуда. Осы бойынша соңғы 9 айдың ішінде 200-ден аса қылмыстық іс тіркелді. Шекараның ашық болуы, көші-қон ағынының күшеюі және экономиканың дамуына байланысты қылмыстың осы түрінің мемлекетаралық және трансұлттық сипат алуы жиілеуде дейді мамандар.