Елімізде қуғын-сүргінге ұшырағандардың саны 4 млн-нан асады. Ал оларды ақтау мәселесі ғылыми тұрғыда зерделенуде. Бұл туралы бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен конференцияда айтылды. Жиынға облыстық комиссия мен жұмыс тобының мүшелері, архив қызметкерлері, ғалымдар, өлкетанушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар ашаршылық пен жер аударудан, ұлтшылдық айыбымен концлагерьлерде азап шеккен миллиондаған құрбандарды құқықтық және саяси тұрғыда ақтау мәселелерін талқыға салды.
️