Түркістандық жастар Республикалық әскери-патриоттық жиында гран-при иеленді

783
03.12.2021 04:40

Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жиынында Түркістан облысы жеңіске жетті. Биыл жетінші рет ұйымдастырылған ең беделді әскери-патриоттық іс-шараға  еліміздің барлық республикалық әскери мектеп-интернаттары, үздік әскери-патриоттық клубтары қатысты. Оның ішінде облыстың намысын қорғап Арыс қаласынан «Барыс», Төлебидің «Төлеби арландары», Созақтан «Теріскей тарландары» әскери патриоттық командасы бағын сынады. Дәстүрлі жарыстың қашықтықтан өтуі жастардың кәсіби даярлықтарын танытуы мен өзін-өзі дамытуына еш кедергі келтірмеді. Облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтары арасында Түркістан облысының «Барыс» командасы жеңіске жетті.