Қырғызстанда Парламент сайлауы өтті. Алдын-ала қорытындыға сәйкес, Президент Садыр Жапаровты қолдаған «Ата-жұрт» партиясы көш бастап тұр. Әзірге оның нәтижесі 16,4 пайыз. Ал, оппозициялық «Альянс» партиясы тек 8,07 процент жинаған. Тағы бір оппозициялық партия «Бүтін Қырғызстанды» сайлаушылардың 6,6 пайызы қолдаған. Осы уақытта дауыстардың 97 проценті саналды. Ел Президенті Садыр Жапаров халықтан сайлау қорытындыларын мойындауды талап етті. Егер дауыс беру нәтижесіне өзгеріс енгізілмесе, 6 партия Жоғарғы Кеңеске өтеді. Оның 2-і ғана оппозициялық партиялар.
️