Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға шет мемлекеттерден 670 миллиард доллар инвестиция тартылды

538
30.11.2021 09:57

Тәуелсіздік жылдарында елге 670 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров осылай мәлімдеді. Дегенмен коронавирустық пандемия  инвестицияға әсер еткен. Мәселен былтыр елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көрсеткіші рекордтық 30% төмендеп, 17 млрд АҚШ долларын құраған. Вице-министрінің сөзінше, IT және қызметтер саласындағы жобалар көбірек инвестициялар тартады екен.

Ал инвестор үшін ірі нарықтардың жақындығы, білікті кадрлардың болуы, инфрақұрылым мүмкіндіктері мен логистиканың ыңғайлылығы сияқты факторлар бірінші орынға шығады. Әлішер Әбдіқадыров Қазақстанға қай елдерден ең көп инвестиция тартылғанын да айтып берді.